Accessibility links

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ұсталды


Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісінің қабылдау қызметі. Орал, 15 желтоқсан 2016 жыл.
Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісінің қабылдау қызметі. Орал, 15 желтоқсан 2016 жыл.

Оралда Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Тимур Шаяхметов пен осы басқарманың бір бөлімін басқаратын қызметкері Ақжан Ишанов пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Азаттыққа облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жергілікті департаменті ұсталған шенеуніктердің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қабылдау қызметінде Азаттыққа Шаяхметовтің "сырқаттанып қалғанын" және "жақын уақытта жұмысқа шықпайтынын" айтты.

37 жастағы Тимур Шаяхметовты облыс әкімі Алтай Көлгінов басқарма басшысы етіп биыл тамызда тағайындаған. Шаяхметов бұған дейін халықаралық байланыстар басқармасында, туристік қызметті үйлестіру бөлімінде, мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің спорт инфрақұрырылымы бөлімінде қызмет істеген. Ол 2007-2016 жылдары Астанадағы "Футболдан балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік мекемесінің директоры болған.

Дене шынықтыру және спорт басқармасын Шаяхметовке дейін басқарғандардың бірі - Мүсілім Оңдағанов 2014 жылы "аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деген айыппен 12 жылға сотталған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG