Accessibility links

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап жатыр


Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдындағы гүл шоқтары.
Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдындағы гүл шоқтары.

Бүгін Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Бүкіл ел көлемінде мерейтойлық датаға арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні Астанада өткен салтанатты жиында ел халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, "жаңа мемлекет құруда табысқа ең алдымен күшті президенттік биліктің арқасында қол жеткені" туралы мәлімдеген.

Қазақстан тәуелсіздік декларациясын бұрынғы СССР құрамындағы елдердің ең соңында жариялаған. 1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан Жоғары кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдап, оған сол күні президент Назарбаев қол қойған.

Желтоқсанның 16-сы күні Қазақстанда тағы екі оқиғаны - 1986 жылы Алматыдағы қазақ жастарының Мәскеу билігінің шешіміне наразылығы және 2011 жылы Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында мұнайшылар ереуілі кезінде полицияның оғынан қаза тапқан құрбандарды еске алып жатыр. Ресми ақпарат бойынша, Жаңаөзенде бес жыл бұрынғы оқиға кезінде 16 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG