Accessibility links

Назарбаев тәуелсіздік ескерткішін ашты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап орнатылған жаңа монументті ашты.

Өз сөзінде Назарбаев жаңа ескерткіш келер ұрпаққа естелік ретінде және ЭКСПО-ға келетін қонақтардың «Қазақстанға 25 жыл толғанын есте сақтауы» үшін қойылғанын айтты.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған монумент италиялық мәрмәрден жасалған. Құрылысшылар үш жарым айда тұрғызылған ескерткіштің ерекше құрылымы қатты желге шыдас береді дейді.

XS
SM
MD
LG