Accessibility links

Путин Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жіберген. Бұл туралы ақпарат Кремльдің ресми сайтында жарияланды.

Путин жеделхатында Қазақстанның «ширек ғасыр ішінде экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық өзекті мәселелердің шешімін табудағы жетістеріктеріне жоғары баға беріп, Қазақстанның 2017-2018 жылдар аралығындағы кезеңге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын елдің әлемдік аренадағы жоғары беделінің дәлелі ретінде атаған.

Сонымен бірге Ресей президенті екі елдің арасындағы байланыстар мен Еуразиялық экономикалық одақ және өзге де көпжақты ынтымақтастық аясында іс-әрекеттерін үйлестіру нығайып келе жатқанын айтқан.

Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің одақтастық және стратегиялық әріптестік қарым-қатынастары одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдірген.

XS
SM
MD
LG