Accessibility links

Қазақстан аумағында желтоқсанның 16-сы кештен бастап ашылмай қалған кейбір танымал әлеуметтік желілер сенбі күні таңертең қайта жұмыс істей бастады. Бұл туралы Facebook желісін қолданушылар хабарлап жатыр.

Жұма күні кешкісін қазақстандық қолданушылар YouTube, Facebook, Instargam әлеуметтік желілері және Gmail поштасы жұмыс істемей тұрғаны туралы хабарлаған. Аталған желілер сол күні кешкі сағат сегізден кейін Азаттықтың Алматы мен Астанадағы бюроларында да ашылмай қалған еді.

Қазақстан ақпарат және коммуникация министрлігі баспасөз хатшысы Арсен Бектасов Интерфакс-Қазақстан агенттігіне әлеуметтік желілер мен кейбір іздеу жүйелеріне кірудің қиындауын «техникалық себептерге» байланысты деп түсіндірген.

Қазақстанның негізгі интернет-провайдері "Қазақтелеком" компаниясы бұл мәселеге байланысты Азаттықтың сұрағына әзірше жауап берген жоқ.

Қазақстанда танымал әлеуметтік желілер бұған дейін де бірнеше мәрте аз уақытқа бұғатталған.

Қазақстанда желтоқсанның 16-сынан мерекелік демалыс жалғасып жатыр. Бұған қоса елде 1986 жылы Алматыда Мәскеу билігінің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастарының шеруін және 2011 жылы Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында мұнайшылар ереуіліне полиция күш қолданғанда қаза тапқандарды еске алып жатыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG