Accessibility links

Грозныйдағы атыста бірнеше адам оққа ұшқан


Грозныйда атыс болған жерде автокөлік жанында тұрған адамдар. (Әлеуметтік желідегі сурет.)
Грозныйда атыс болған жерде автокөлік жанында тұрған адамдар. (Әлеуметтік желідегі сурет.)

Ресей құрамындағы Шешенстан астанасы Грозный қаласының орталығында өткен түні бір үйге бекініп алған қарулы топ пен полиция арасындағы атыста қаза тапқан алты адамның бірі 18 жастағы жігіт, деп хабарлайды "Кавказский узел" сайты.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров сенбіде полиция өкіліне жасалған шабуылдан кейін арнайы операция барысында төрт адам оққа ұшып, жараланған екеуі ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімдеген. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері зардап шекпеген.

Шешенстан құқық органдары бұл оқиғаны «қарақшылық шабуыл» деп атаған. Шабуылға не себеп болғаны айтылмайды.

XS
SM
MD
LG