Accessibility links

Назарбаев Путин және Ердоғанмен Сирия жайлы сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Ердоғанның G20 саммиті кезіндегі суреті. Ханчжоу, Қытай, 4 қыркүйек 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Ердоғанның G20 саммиті кезіндегі суреті. Ханчжоу, Қытай, 4 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен және Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей мен Түркия президенттері Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаған.

Путин мен Назарбаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысы және ҰҚШҰ саммитін өткізу мәселелерін талқылаған. Түркия президенті Астанаға биылғы желтоқсанның 12-іне жоспарланған сапарының кейінге қалдырылғанына өкініш білдірген.

Ресей мен Түркия басшыларының Қазақстанмен әңгімесі кезінде Сирия мәселесі қозғалған.

«Ресей мен Түркия басшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді» деп хабарлайды Ақорда.

XS
SM
MD
LG