Accessibility links

Түркияда автобустағы жарылысқа күдіктілер ұсталған


Жарылыс болған жер. Кайсери, 17 желтоқсан 2016 жыл.
Жарылыс болған жер. Кайсери, 17 желтоқсан 2016 жыл.

Түркияның Кайсери қаласында сенбі күні 13 адамның қазасына себепкер болған автобустағы жарылысты ұйымдастырған деген күдікпен жеті адам ұсталған. Бұл туралы Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеген. Жарылыс салдарынан 50-ден аса адам жараланған.

Полицияның мәліметі бойынша, әскерилер отырған автобусқа барып соқтығысқан көлік жүргізушісі өз-өзін жарып жіберген.

Бұл жарылысқа жауапкершілікті әзірше ешбір топ өзіне алған жоқ, Түркия билігі оған «Күрдістан жұмысшы партиясының» қатысы болуы мүмкін деп сезіктенеді. Анкара бұл партияны террорлық ұйымға жатқызған.

Осыдан бір апта бұрын Стамбулда болған екі жарылыстан 40-тан астам адам қаза болған еді. Жарылыстар үшін жауапкершілікті «Күрдістанның азаттық қырғилары» деп аталатын топ өзіне алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG