Accessibility links

Қытай АҚШ-тың сүңгуір аппаратын қайтарып бермек


Оңтүстік-Қытай теңізінде зерттеу жүргізген USNS Bowditch кемесі.

Қытай бұған дейін Оңтүстік-Қытай теңізіндегі бейтарап аймақта ұстап алып кеткен америкалық өздігінен жүзетін сүңгуір аппаратты АҚШ-тың өзіне қайтарып бермек. Бұл туралы сенбі күні Қытай қорғаныс министрлігі өкілі мәлімдеген.

Ол аппаратты Оңтүстік-Қытай теңізінде зерттеу жүргізу үшін АҚШ-тың мұхитты зерттейтін кемесі жіберген. Пентагон зерттеу заңды негізде жүргізілгенін айтып, Қытайдан теңізден ұстап алып кеткен аппаратты қайтаруды талап еткен. Пекиннің түсіндіруінше, қытай әскери кемесі теңізде "беймәлім құралды" кездестіргеннен кейін оны тексеруге алған, ал оның АҚШ-тың аппараты екені кейін ғана анықталған.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бұны "теңдесі жоқ оқиға" деп атап, Қытай әскерилерін "америкалық құрал-жабдықты ұрладыңдар" деп сөккен. Кейін Қытай қорғаныс министрлігі өкілдері оқиғаға БАҚ-тың ерекше назар аударуы мәселенің шешімін табуға септескен жоқ деп айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG