Accessibility links

Ақтау-Жетібай жолында көлік апатынан 3 адам мерт болған


Маңғыстау облысының картасы.
Маңғыстау облысының картасы.

Маңғыстау облысындағы Ақтау-Жетібай бағытындағы жолда сенбі күні болған жол апатынан 3 адам мерт болып, екеуі зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті Lada.kz басылымы хабарлады.

Жол үстінде «Газель» маркалы жүк көлігі мен Lada Priora жеңіл автомобилі бетпе-бет соқтығысып қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірінің денесіне қатты зақым келген, ес-түссіз жатқан науқас аппараттың көмегімен дем алып жатыр. Екінші адамның миы шайқалып, иық сүйегі сынған. Оларды Жетібайдағы ауруханаға жол апаты болған жерден өтіп бара жатқан өзге көлік жеткізген.

Соңғы тәулікте Маңғыстау облысында көктайғақ кесірінен оннан астам көлік апаты болған деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

XS
SM
MD
LG