Accessibility links

Польша президенті Сейм жанжалын реттеуді ұсынды


Польша оппозициясы парламентте журналистердің жұмысын шектеуге Сеймде қарсылық білдіріп тұр. 17 желтоқсан 2016 жыл.
Польша оппозициясы парламентте журналистердің жұмысын шектеуге Сеймде қарсылық білдіріп тұр. 17 желтоқсан 2016 жыл.

Польша президенті Анджей Дуда ел парламентіндегі (Сейм) жанжалды реттеуге арағайын болуға әзір екені туралы мәлімдеді. Ол Сейм жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізу қоғам үшін маңызды екенін ескеру қажет.

Польша парламенті ғимараты алдындағы наразылық акциясы жұмадан бері жалғасып жатыр. Оппозициялық партиялардың өкілдері 2017 жылға арналған бюджетті қайта дауысқа салуды талап етіп, биліктегі "Құқық пен әділдік" партиясының Сейм отырыстарына парламенттегі журналистердің қатысуына тыйым салу туралы жоспарына қарсы шыққан.

Польшаға сапармен келген Еуропа Одағының төрағасы Дональд Туск ел үкіметін конституцияны құрметтеуге және "еуропалық демократия моделін" бұзбауға шақырған.

Варшаваның орталығында наразылық шеруәі әлі жалғасып жатыр. Польша оппозициясы желтоқсанның 20-сына дейін парламент жұмысына бөгет қоятынын мәлімдеген. Варшаваға қосымша полиция күші әкелінген.

XS
SM
MD
LG