Иордания қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, орта ғасырдағы кресшілер жорығы кезінен сақталған ірі бекінісімен туристер арасында танымал әл-Карак қаласында қарулы топтың жексенбіде полицияға шабуылынан кемінде 10 адам қаза тапқан. 27 адам жараланған.
Бұл Иорданияда соңғы бірнеше жыл көлеміндегі ең үлкен қантөгіске әкелген шабуыл болды. Қаза болғандар арасында бірнеше полиция қызметкері, екі бейбіт тұрғын және Канададан келген турист бар.
Иордания – Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы операция жүргізіп жатқан АҚШ бастаған шетелдік коалицияның мүшесі.