Accessibility links

Бақылаушылар Алепподан 350 адам шыққаны туралы хабарлады


Эвакуацияны күтіп тұрған көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындар. Алеппо, Сирия, 16 желтоқсан 2016 жыл.
Эвакуацияны күтіп тұрған көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындар. Алеппо, Сирия, 16 желтоқсан 2016 жыл.

Бақылаушылар мен гуманитарлық қызметкерлердің мәліметі бойынша, Сириядағы Алеппо қаласының шығыс бөлігінде желтоқсанның 18-і күні үкімет қадағалауындағы елді мекендерден жаралылар мен науқастарды эвакуациялауға арналған автобустарға жасалған шабуылдарға қарамастан, 350-ге жуық адам қоршауда болған қаладан шыққан. Syrian Observatory for Human Rights орталығының хабарлауынша, қаладан тыс жердегі көтерілісшілер қолындағы аумаққа Алеппоның шығыс бөлігінен кемінде бес автобус келген.

Идлиб ауданында бес автобусқа жасалған қарулы шабуылдан кейін гуманитарлық конвойдың тағы да эвакуация жасау үшін Алеппоның шығысына бару-бармасы әзірше айқын емес. Автобустарға жексенбіде жасалған шабуылдар Алеппода құрсауда қалған мыңдаған бейбіт тұрғын мен оппозиция сарбаздарын алып шығу туралы онсыз да орындалуы қиындыққа кезігіп отырған келісімге төнген қауіпті тіпті күшейтіп жіберді. Дегенмен, БҰҰ-дағы аты-жөні аталмаған дерек көзі Reuters агенттігіне «эвакуация басталды» және «қазір жедел жәрдем көліктері мен автобустар Алепподан шығып жатыр» деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG