Accessibility links

МАГАТЭ басшысы Тегеранда келіссөз өткізді


Иран президенті Хассан Роухани (оң жақта) және МАГАТЭ басшысы Юкия Амано. Тегеран, Иран, 18 желтоқсан 2016 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани (оң жақта) және МАГАТЭ басшысы Юкия Амано. Тегеран, Иран, 18 желтоқсан 2016 жыл.

Халықаралық Атом энергетикасы агенттігі (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано Тегеранда келіссөз өткізді. Биыл Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім күшіне енгелі бері бұл оның Иранға осымен екінші сапары. Амано Иранға келерден бірнеше күн бұрын АҚШ конгресі Иранға қарсы салынған кей санкцияны ұзартуды мақұлдаған.

Тегеран мұндай шешім АҚШ, Қытай, Ресей және өзге әлемдік державалармен жасасқан келісімді бұзады деп санайды.

Иран президенті Хассан Роухани келісімге қол қойған өзге тараптар оны бұзбаған жағдайда Иран да өзіне алған міндеттемелерін орындайтынын мәлімдеген. Сонымен бірге ол МАГАТЭ есептері «техникалық сипатта әрі күнібұрын кесіп-пішілмеген» болуы тиіс деп айтқан. Өткен айда МАГАТЭ Тегеран келісімде шекті мөлшері 130 тонна деп көрсетілген ауыр су өндірісі көлемін 100 келіге асырып жіберген деп хабарлаған. Ауыр су атом бомбасы құрамындағы негізгі зат – плутоний өндіретін реакторларды салқындату үшін пайдаланылады.

XS
SM
MD
LG