Бішкек аумақтық сайлау комиссиясы Қырғызстан астанасындағы 1044-сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижесін жойды деп хабарлайды осы елдің орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап Азаттықтың Қырғыз қызметі.
ОСК мәліметі бойынша, конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум және жерілікті өкілді органдар сайлауы өткен желтоқсанның 11-і күні бұл сайлау учаскесінде сайлау бюллетеньдерін автоматты түрде тіркейтін жәшіктер жұмыс істемегендіктен сайлаушылар дауыс беруді күтіп кезекте тұрған. Қосалқы жәшік әкелінуін күтпестен учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері картон жәшіктерді қойып, сайлаушылар дауыс берген бюллетеньдерін соған тастаған.
ОСК учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері өкілеттіктерін асырған және сайлау заңын бұзған дейді.
Желтоқсанның 11-і күні өткен референдумның алдын ала ресми нәтижесі бойынша, Қырғызстан сайлаушыларының басым көпшілігі ел конституциясына президент өкілетін күшейту, премьер-министрдің өкілетін кеңейту арқылы билікті орталықтандыруды көздейтін өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берген. Референдум заңды деп танылған.