Accessibility links

Путин: Мәскеу елшіге қастандықты кім ұйымдастырғанын білуі тиіс


Владимир Путин, Ресей президенті. Мәскеу, 19 желтоқсан 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қастандықты кім жасағанын және оның артында кім тұрғанын білуі тиіс деп мәлімдеді.

Ол сонымен қатар қастандыққа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, Ресей мамандары Анкараға істі тергеуге қатысу үшін жіберілетінін айтты.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің сөзіне қарағанда, президент қастандықтан соң сыртқы істер министрі Сергей Лавров, сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин және Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортниковпен өткізген жиын өткізген. Путин елшіге қастандықты Сирия дағдарысын реттеуге кедергі жасау әрекеті деп атаған.

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Мәскеу елшіні өлтіруді теракт деп бағалайтынын мәлімдеген.

Түркия билігі Ресей елшісін атқан адамның бұрын Анкарада арнайы мақсаттағы полиция жасағында жұмыс істегенін растады. Ол қастандықтан соң полициямен атыста оққа ұшқан.

Андрей Карлов Анкарада 19 желтоқсан күні кешке Қазіргі заман өнер галереясында "Түріктер көрген Ресей" деп аталатын фотокөрмеде сөйлеп тұрғанда ер адамның тапаншадан атқан оғынан қаза тапқан.

Шабуылдан тағы үш адам жеңіл жараланған.

XS
SM
MD
LG