Accessibility links

Астанада Ресей елшілігінде ту төмен түсірілді


Ресейдің Қазақстандағы елшілігі ғимараты. Астана, 20 желтоқсан 2016 жыл.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі ғимараты. Астана, 20 желтоқсан 2016 жыл.

Астанада бүгін Ресей елшілігі ғимаратында Ресей туы төмен түсірілді деп хабарлады Азаттық тілшісі. Кеше Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қастандық жасалған. Карлов Анкарада фотокөрменің ашылуында сөйлеп тұрғанда көрмеге полицей кейпінде енген жас жігіт оны арт жағынан тапаншамен атып жаралаған. Елші алған жарақатынан көз жұмған.

Елшіліктің аты-жөнін атамаған қызметкері Азаттық тілшісіне елшінің қазасына байланысты еске алу және басқа да шаралар ертең, 21 желтоқсанда өтетінін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин қастандықты "Ресей-Түркия байланысын үзуді және Сириядағы бейбіт процеске кедергі келтіруді көздейтін арандату" деп атаған.

БҰҰ, АҚШ та Ресей елшісіне жасалған қастандықты теракт деп атап, айыптады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге елші қазасына байланысты көңіл айтып, қастандықты айыптаған.

XS
SM
MD
LG