Accessibility links

Коррупцияға қарсы қызмет: Есеп комитетінің аудиторлары ұсталды


Көрнекі сурет.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бүгін республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі қызметкері ұсталғанын хабарлады.

Бюро ақпаратына қарағанда, мемлекеттік аудиторлар Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаева "Қазақавтожол" мекемесінің басшылығынан пара алды деген күдікпен ұсталған. Бюро аудиторлар "аудиторлық есепте бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсалғанын көрсетпеу үшін" 16 миллион теңге (47 мың доллар көлемінде) пара алған дейді.

Есеп комитеті өкілдеріне берілетін ақша "Қазақавтожол" мекемесінің облыстық филиалдарының басшыларынан жиналған.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы есеп комитетінің қызметкерлерімен бірге "Қазақавтожол" мекемесінің бас директоры С.Мұқашев пен оның орынбасары Е.Шәмішев, бас есепші, екі бөлім жетекшілері мен облыстық филиалдардың жетекшілерінің де ұсталғанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG