Accessibility links

Die Welt: Берлинде ұсталған күдікті - жүк көлігінің жүргізушісі емес


Берлиндегі жаңа жыл базарына келіп соқтыққан жүк көлігі. Германия, 20 желтоқсан 2016 жыл.
Берлиндегі жаңа жыл базарына келіп соқтыққан жүк көлігі. Германия, 20 желтоқсан 2016 жыл.

Берлин полициясы 19 желтоқсанда жаңа жыл базарына соқтыққан жүк көлігінің жүргізушісі орнына басқа адамды ұстаған деп хабарлады өз дереккөзіне сілтеме жасаған немістің Die Welt газеті.

Басылым дерегіне қарағанда, қылмыс жасаған адамның өзі бостандықта жүрген болуы мүмкін. Die Welt 20 желтоқсанда ұсталған пәкістандықтың терактіге қатысы жоқ адам болуы мүмкін дейді.

19 желтоқсан кешкісін жүк көлігі қаладағы жаңа жыл базарының біріне барып соғылып, 12 адамды жаншып өлтірген. Соңғы мәлімет бойынша, оқиғадан 50 адам жарақат алған. Бірақ дәрігерлер жараланған бірнеше адамның жағдайы ауыр болғандықтан құрбандар саны артуы мүмкін дейді.

Германия канцлері Ангела Меркель Берлиндегі оқиғаны теракт деп атады. "Қолда бар мәліметтер бұл оқиғаның теракт болғанын көрсетеді" деді Меркель. Ол Берлиндегі оқиға толық тексеріліп, кінәлілар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG