Accessibility links

Петропавлда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяздан бұрқасын тұрады деп ескерту жасалып, жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Петропавлда бүгін мектептерде сабақ тоқтатылды. Облыстағы жолдарда жүк көліктері мен дизельмен жүретін қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

Синоптиктердің мәліметінше, облыста 21 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы минус 37-39 градусқа дейін төмендеген. Кеше күндіз Солтүстік Қазақстан облысымен шектес бірнеше жолда ауа-райының нашарлауынан көлік қозғалысына шектеу салынған.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00
XS
SM
MD
LG