Accessibility links

Шымкентте зауыттан шыққан өрттен бір адам құрбан болды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шымкенттегі мотор майын өндіретін "HILL Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шыққан өрттен бір адам қаза тауып, екі адамды күйік шалды. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Зарипа Абдуллақызы хабарлады.

Зарипа Абдуллақызының айтуынша, Шымкенттегі "HILL Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағармай құю станцасында өрт шыққаны туралы хабар 21 желтоқсанға қараған түні түскен. Өрт салдарынан 1991 жылы туған жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған.

"1985 жылы туған екінші жұмысшы денесін 80 пайыз күйік шалып, 1967 жылы туған "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі денесін 30 пайыз күйік шалып ауруханаға жеткізілді" дейді Абдуллақызы.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG