Accessibility links

Цюрих полициясы: Шабуылдаушының исламшылдармен байланысы жоқ


Цюрихтегі оқ атылған ислам орталығы жанында тұрған жедел жәрдем көліктері. Швейцария, 19 желтоқсан 2016 жыл.
Цюрихтегі оқ атылған ислам орталығы жанында тұрған жедел жәрдем көліктері. Швейцария, 19 желтоқсан 2016 жыл.

Цюрих қаласының полициясы мешітте құлшылық етіп отырғандарға оқ атқан ер адамның Швейцария азаматы екенін және исламшыл радикалдармен анық байланысы болмағанын хабарлады. Құқық қорғау органдары шабуылдаған адамның өлі күйінде табылғанын айтады. Ол өз-өзіне қол салған болуы әбден мүмкін. Ол 18 желтоқсан күні болған кісі өліміне де қатысы бар деген күдікке ілінген.

19 желтоқсанда Цюрихте ислам орталығында ер адам қарудан оқ атып, үш адамды жаралаған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бұдан соң жүргізілген арнайы операция барысында күдіктінің денесі табылған. Ауыр жараланған үш адам ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG