Accessibility links

Таиландта жол апатынан қазақстандық екі азамат зардап шекті деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, жараланған екі әйел де жол апаты болғанда автобуста отырған.

Туристер отырған автобус бүгін Сураттхани провинциясында аударылған. Жайнақов екі әйелдің де жеңіл жараланғанын, оларға дәрігерлік көмек көрсетілгенін айтады. Зардап шеккендердің жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр.

XS
SM
MD
LG