Қазақстанда оқу-жаттығу кезінде ұшып шыққан Су-27 әскери ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік мәліметінше, ұшақ 21 желтоқсан күні түн мезгілінде апат болған. Ұшқыш А.Искаков ұшақты елді мекеннен алысқа бұрып әкетіп, соңынан өзі катапультпен секіріп кеткен. Ұшқыштың жағдайы қалыпты дейді қорғаныс миинстрлігі.
Қазір арнайы комиссия ұшақ апатының себептері мен қалай болғанын тексеріп жатыр.