Accessibility links

Румынияда премьер-министр қызметіне мұсылман әйелді ұсынды


Премьер-министр қызметіне кандидат Севиль Шхайдех (сол жақта) пен Социал-демократиялық партия жетекшісі Ливиу Драгня.
Премьер-министр қызметіне кандидат Севиль Шхайдех (сол жақта) пен Социал-демократиялық партия жетекшісі Ливиу Драгня.

Румынияның Социал-демократиялық партиясы премьер-министр қызметіне мұсылман әйелді кандидат етіп ұсынды. Партия жетекшісі Ливиу Драгня Севиль Шхайдехті үкімет басшысы қызметіне ұсынатынын хабарлады. 2015 жылы Севиль Шхайдех біраз уақыт аймақтық даму министрі болған. Оның кандидатурасын енді президент Клаус Йоханнис пен парламент мақұлдауы тиіс. 11 желтоқсанда өткен сайлауда социал-демократтар парламенттегі көпшілік дауысқа ие болған.

52 жастағы Шхайдех христиандар басым тұратын, мұсылмандар халықтың бір пайыздан азын ғана құрайтын Румыниядағы алғашқы мұсылман премьер-министр болмақ. Драгня Шхайдехтің кандидатурасын жариялаған соң қазір өзінің "әділетсіз айыптау мен конституцуияға сай емес заңдардың кесірінен" үкіметті басқара алмайтынын айтты. Ол "сайлауда алаяқтық жасады" деген айыппен екі жылға шартты түрде сотталған.

XS
SM
MD
LG