Accessibility links

Кабулда қарулы топ парламент депутатының үйіне шабуылдады


Кабул полицейлері (Көрнекі сурет).
Кабул полицейлері (Көрнекі сурет).

Ауғанстан астанасы Кабулда 21 желтоқсан күні кешке қарулы адамдар парламент депутатының үйіне шабуылдап, бес адамды өлтірді.

Полицияның хабарлауынша, қарулы үш адам кешке қарай Гильменд уәлаятынан сайланған депутат Мир Валидің үйіне басып кіріп, үйдің ішінде жарылғыш затты іске қосқан.

Tolonews.com сайтының хабарлауынша, шабуылдан депутаттың екі немересі, 25 жастағы ұлы Обайдулла Барикзай және екі күзетші қаза тапқан.

Кейбір ақпар бойынша Мир Вали қашып құтылғанымен, үйде отбасының бірнеше мүшесі мен қонақтар қалып қойған.

"Талибан" қозғалысы шабуыл жауапкершілігін мойнына алып, өз содырлары депутаттың үйіне "қауіпсіздік қызметі шенеуніктерінің маңызды кездесуін" болдырмау үшін "рейд жасағанын" мәлімдеді.

Шабуыл болған жерге полиция арнайы жасағы барған.

XS
SM
MD
LG