Accessibility links

Шымкентте мотор майын өндіретін "HILL Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шыққан өрттен күйік шалып, ауруханаға түскен екі азаматтың бірі қайтыс болды.

Облыстық Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бөлім меңгерушісі Илхам Төлеевтің Азаттыққа айтуынша, 1985 жылы туған, денесінің 95 пайызын күйік шалған азамат сағат түнгі 1-де көз жұмған. Оның сөзіне қарағанда, денесінің 35 пайызын күйік шалған екінші азаматтың жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Шымкенттегі "HILL Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағармай құю станцасында өрт 21 желтоқсанға қараған түні шыққан. Өрт салдарынан 1991 жылы туған жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған.

Бұған дейін 1985 жылы туған жұмысшы денесін 80 пайыз күйік шалып, 1967 жылы туған "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі денесін 30 пайыз күйік шалып ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG