Accessibility links

Мәскеуде метрода болған жарылыстан 4 адам жараланды


Мәскеу метросының "Коломенская" станциясында жарылыс болған жерде жүрген полицейлер. 22 желтоқсан 2016 жыл.

Мәскеуде метро станциясыннда газ баллонының жарылуынан төрт адам жараланды. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс бүгін қаланың оңтүстік-батысындағы "Коломенская" станциясының жерасты өткелінде болған. Газ баллоны жерасты өткеліндегі дәнекерлеу жұмыстары кезінде қолданылған.

Жарылыстан өрт шығып, ол дереу сөндірілген.

Мәскеу метросы басшылығының хабарлауына қарағанда, жарылыстан соң станцияның бір бөлігі жабылған.

Мәскеу метросында бұрын вагондар мен жерасты өткелдерінде бірнеше рет теракт болғандықтан метро мен оның айналасындағы жарылыстар мен төтенше оқиғалар ерекше алаңдаушылық тудырады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG