Accessibility links

ОҚО: Биыл алимент төлейтіндер көбейген


Оңтүстік Қазақстан облысында биыл алимент төлейтіндер саны артып, 25 мың адамнан асты деп хабарлады облыс прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары Қантөре Хандиллаев. Бірақ ол бұрынғы жылдары алимент төлейтіндердің нақты саны қанша болғанын айта алмады.

Қантөре Хандиллаевтың сөзінше, облыста 25 мыңнан аса азаматтың алимент ретіндегі қарызы 6 миллион теңгеден асады.

"Күнделікті алимент өндіріліп жатқан соң бұл соманың көлемі азайып келеді. Тиісті уәкілетті органдар бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Алимент бала санына қарай төленеді. Мысалы, бір бала болса - айлық табысының төрттен бірі, екі бала болса - үштен бірі төленеді" дейді басқарма басшысының орынбасары.

Қантөре Хандиллаев алимент төлемей жүргендердің көбеюінің негізгі себебінің бірі жұмыссыздық екенін айтады.

XS
SM
MD
LG