Accessibility links

Шымкентте наразы тұрғын прокуратура алдында өз-өзін өртеді


Орынбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы. Шымкент, 22 желтоқсан 2016 жыл.
Орынбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы. Шымкент, 22 желтоқсан 2016 жыл.

Шымкентте бүгін облыстық прокуратураның алдында қаланың 46 жастағы тұрғыны Нұркен Айнабеков наразылық танытып өз-өзін өртеді. Денесін күйік шалған тұрғын облыстық Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына жатқызылған.

Айнабековтің әйелі Айнұрдың (тегін айтудан бас тартты - ред.) Азаттыққа айтуынша, оқиға бүгін түстен кейін болған. Азаттық тілшісі Орынбаев атындағы ауруханаға барғанымен, ондағы дәрігерлерден науқасқа қатысты мәлімет ала алмады. Ауруханаға күйеуінің жағдайын естіп жеткен әйелі Айнұр Азаттыққа күйеуінің денесін 65 пайыз күйік шалғанын айтты.

Облыстық прокуратураның күзетшісі Айнабековтің түстен кейінгі сағат 15 шамасында прокуратура қақпасының алдында денесіне бензин құйып өртегенін растады.

Нұркен Айнабеков кеше Шымкентте брифинг өткізіп, жеке құрылыс фирмасының қалада әлеуметтік нысанды салғанын, ол үшін жергілікті биліктен тиісті қаржысын ала алмай отырғанына шағымданған.

Айнабековтің әйелі күйеуінің құрылыс фирмасы мемлекеттік тапсырыс бойынша "Қайтпас" шағынауданында аурухананы салғанын, оның қаржысын әлі күнге дейін ала алмай жүргенін айтты. Әйелінің сөзіне қарағанда, Айнабеков қаржысын даулап қаржы полициясы, ішкі істер департаментіне шағымданғанымен, онысынан нәтиже шықпаған.

XS
SM
MD
LG