Accessibility links

Биатлон мен конькиден әлем кубогы Ресейде өтпейтін болды


Биатлон жарысы. Көрнекі сурет.
Биатлон жарысы. Көрнекі сурет.

Халықаралық коньки спорты федерациясының (ISU) шешімімен биыл Ресейдің Челябинск қаласында жоспарланған конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының кезеңін өтпейтін болды.

Бұл туралы 22 желтоқсанда федерацияның ресми сайтында хабарланды. Сондай-ақ Ресей биатлоннан Тюменьде өтетін әлем кубогы кезеңін өткізуден бас тартты.

Бұл жарыстардың енді қай қалада өтетіні әлі белгісіз. Осыған дейін Халықаралық бобслей және скелетон (шанамен сырғанау) спорты федерациясы алда Ресейде болатын әлем біріншілігін осы елдегі допинг дауына байланысты басқа елде өткізетінін хабарлаған.

Желтоқсанның басында халықаралық сарапшылар жаңа есебін жариялап, 2014 жылы Сочидегі Қысқы олимпиадада жүлде алған ресейлік 15 спортшының, оның ішінде екі олипиада чемпиондарының сынамалары әдейі ауыстырылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG