Accessibility links

Қазақстан FIFA рейтингінде 98-орында


Футболдан Қазақстан құрамасы.
Футболдан Қазақстан құрамасы.

FIFA (ФИФА) 22 желтоқсанда жариялаған биылғы жылдың қорытынды рейтингінде Қазақстан 98-орында тұр.

Бұл елдің құрамасы қараша айындағы рейтингпен салыстырғанда бір саты төмен түскен. Рейтингте Қазақстанның алдында Сьерра-Леоне мен Сирия құрамасы орналасқан. Ал 99-100 орында Намибия мен Свазиленд құрамасы тұр.

Әлемдік рейтингтің үздік бестігіне Аргентина, Бразилия, Германия, Чили және Бельгия енген. Ресей 56-орында, Өзбекстан 62-орында орналасқан.

Келесі FIFA рейтингі 2017 жылы қаңтардың соңында жарияланады.

XS
SM
MD
LG