Accessibility links

Прокуратура: Әлиевті қудалауды тоқтату мәселесі шешіледі


Рахат Әлиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы.
Рахат Әлиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы.

Қазақстан бас прокуратурасы Венадан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы әрі Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің қайтыс болғаны туралы апостиль қойылған куәлік алды деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі. Рахат Әлиев 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінде өлік күйінде табылған.

Агенттіктің хабарлауынша, прокуратура аталған куәлікті "Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық тергеуді оның қайтыс болғанына байланысты тоқтату мәселесін шешу үшін" тергеу органдарына берген. Хабарламада Әлиевтің қазасынан соң Қазақстан прокуратурасының Венадан экс-елшінің өлгені туралы куәлік беруін сұраған. Прокуратура куәлікті екінші қайтара сұрағаннан кейін биыл 21 қарашада алған.

Қазақстан бас прокуратурасы сонымен қатар осы айда Венада Әлиев жесірінің адвокаттары мен паталогоанатомия бойынша сарапшы Бернд Бринкманн өткізген баспасөз конференциясына қатысты да реакциясын білдірген. Германиялық маман Бринкман ол кезде Рахат Әлиевтің өзі асылып емес, кісі қолынан қаза тапқан деген пікір айтқан. Қазақстан бас прокуратурасы "Бринкман келтірген дәйектерді Автстрияның құзыреттті органдары тексеруі тиіс" деген пікір білдірген.

Бір кездері Қазақстанның Австриядағы елшісі, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған Рахат Әлиев кейін Нұрсұлтан Назарбаевты сынап шыққан. Ал 2007 жылы оған қазақстандық екі банкирді өлтіруге тапсырыс берді деген айып тағылған. Әлиев айыпты мойындамай, оның саяси астары бар деп мәлімдеген. Әлиев қуғынға ұшыраған соң әйелі, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаевамен ажырасып, кейін басқа адамға үйленген.

Вена түрмесінде 2014 жылдың маусымынан бері қамауда отырған Рахат Әлиевке Австрия прокуратурасы жарты жылдан кейін «Нұрбанктің» екі топ-менеджері - Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өліміне қатысы бар деп айып таққан. Қазақстан билігі оны «екі адамды ұрлап әкетіп өлтірді әрі мемлекеттік төңкеріс әзірледі» деген айыппен сырттай 40 жылға соттаған. Ал 2015 жылғы ақпанның 24-і күні оның түрмеден өлі күйінде табылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG