Accessibility links

ШҚО: Зейнеткер Тарасовтар қайтадан аштық жариялап отыр


Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданы Белоусовка ауылының тұрғындары Владимир Тарасов пен Валентина Тарасова облыстық прокуратураның алдында аштық жариялап тұр. Өскемен, 23 желтоқсан 2016 жыл.
Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданы Белоусовка ауылының тұрғындары Владимир Тарасов пен Валентина Тарасова облыстық прокуратураның алдында аштық жариялап тұр. Өскемен, 23 желтоқсан 2016 жыл.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер Владимир Тарасов пен Валентина Тарасова облыстық прокуратураның бақылау-өткізу пунктінде наразылық ретінде үшінші күн бойы судан басқа тағамнан бас тартып, құрғақ аштық жариялап отыр. Тарасовтар мен олардың адвокаты Эрнес Сабырбаевтың Азаттыққа айтуынша, зейнеткерлер 39 жастағы кәсіпкер ұлдары Григорий Тарасовтың өлімін "әділетсіз түрде тергеуге" қарсылық білдіріп отыр.

Күндіз Тарасовтар акцияны бірге өткізеді. Кешке қарай Валентина Тарасова үйіне - Глубокий ауданының Белоусовск ауылына қайтады. Владимир Тарасов түнді облыстық прокуратураның бақылау-өткізу пунктіндегі келушілерге арналған бөлмеде үстелде отырып өткізеді. Зейнеткерлер аштығын "жеңіске жеткенге дейін" жалғастыратынынй айтады. Акцияға әзірге полиция кедергі келтіріп жатқан жоқ.

Тарасовтар он күн бұрын облыстық әкімдікте ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездескен. Тарасовтардың айтуынша, ол кезде Қасымов өздерінің шағымын қарауға уәде берген. Бірақ ұзамай тергеу тобының жетекшісі оларға тергеудің бұған дейінгі "Евгений Тарасов жазатайым қаза тапқан" деген тұжырымын қайта қарамайтынын мәлімдеген. Зейнеткерлер бұған жауап ретінде облыстық ішкі істер департаментінің ғимаратында тапжылмай отырып үздіксіз наразылық таныту әрекеті сәтсіз болған. Олар бұл жерден өздерін алдап сыртқа шығарып, қайтадан кіргізбей қойғанын айтады.

2013 жылы 39 жасында көз жұмған кәсіпкер ұлдарының өлімін тексеруге наразы азаматтар биыл 1 шілдеде облыстық және бас прокуратураға, ішкі істер министрлігіне хат жазған. Тарасовтар бұған дейін тергеу тобы бастығын ауыстыртқызған. Соңғы рет олар қыркүйекте облыс әкімдігінің алдында аштық жариялаған. Тергеушілер "Григорий Тарасов жазатайым қаза тапқан", дейді, ал оның жақындары "баламызды бизнесін тартып алу үшін бір топ адам өлтірген" деп біледі.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG