Accessibility links

Қарағанды облысының прокуроры қызметінен босатылды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев "өз еркімен" қызметінен босатылды.

Биыл күзде қылмыстық істерді бақылау кезінде прокуратураның кейбір қызметкерлерінің заң бұзғаны анықталған соң Асқар Секішевке сөгіс жарияланып, орынбасары қызметінен босатылған. Тексеру жүргізуге Алпысбаев деген азаматтың Қарағанды облыстық прокуратурасы қызметкерлері үстінен түсірген шағымы себеп болған.

Sputnik Kazakhstan агенттігінің бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлауынша, Секішевті қызметінен босату туралы бұйрыққа 7 желтоқсанда қол қойылып, ол "бас прокуратураның қарауына алынған".

10 қазанда Қарағанды облыстық прокурорының бірінші орынбасары Рашид Дубаев, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы Алмас Абдақасов және Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шаулиев қызметінен босатылған.

XS
SM
MD
LG