Accessibility links

БАҚ: Миланда Берлиндегі шабуылға күдіктінің көзі жойылды


Берлиндегі шабуылға күдікті, тунистік Анис Амри.
Берлиндегі шабуылға күдікті, тунистік Анис Амри.

Берлиндегі жаңа жыл базарына жасалған шабуылға күдікті, тунистік босқын Анис Амри Италияның солтүстігіндегі Милан қаласындағы полициямен атыста оққа ұшты.

Италиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3 шамасында Анис Амри мінген көлікті полиция тоқтатып, құжатын тексермек болған. Сол кезде күдікті қалтасынан тапаншасын шығарып, екі жақ арасында атыс болған. Атыста Анис Амридің көзі жойылған.

24 жастағы тунистік Анис Амриге Еуропа бойынша іздеу жарияланған. Ол 19 желтоқсан күні кешке жүк көлігімен Берлиннің орталығындаңы жаңа жыл базарына келіп соқтығып, 12 адамды мерт етті деген күдікке ілінген. Шабуылдан 50-ге тарта адам жараланған.

Әзірге Италия, я Германияның ресми органдары Анис Армидің оққа ұшқанына қатысты ресми комментарий берген жоқ. Бірақ Италия ішкі істер министрі Марко Миннити ұзамай баспасөз жиынын өткізетінін мәлімдеді.

Германия федералдық прокуратурасының баспасөз хатшысы 23 желтоқсанда германиялық тергеушілер шабуылға қатысты Италия билігімен байланыста екенін ғана айтып, басқа ақпар бермеді.

Кейбір ақпарға қарағанда, Амри 2015 жылы Германияға келгенге дейін Италияда бірнеше жыл тұрған.

XS
SM
MD
LG