Accessibility links

Қазақстанда жер кодексіне мораторийді ұзарту заңы қабылданды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі даулы баптарды енгізуге қатысты мораторий уақытын 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу туралы заң жобасына қол қойды. Заң жобасын бұған дейін парламент мақұлдаған.

Заңда 2015 жылдың 2 қарашасында қабылданған "Қазақстан Республикасының жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы мен жер кодексінің жекелеген нормаларының күшіне ену мерзімін бес жылға дейін ұзарту қарастырылған.

Биыл сәуірдің 24-і күні Атырау қаласында "жер мәселесіне" қатысты ірі шеру өткен. Кейін Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары жалғасқан. Халық жер кодексіндегі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту және құрамында шетелдіктер бар серіктестіктерге сату туралы баптарға қарсы шыққан еді.

Халық наразылығынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзгертулер енгізуге уақытша мораторий жариялап, заңды талқылау үшін қоғамдық комиссия құрған.

XS
SM
MD
LG