Accessibility links

Мирзияев пен Ыдырысов екі жақты қарым-қатынасты талқылады


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентке жұмыс сапарымен барған Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесіп, екі жақты қарым-қатынасты талқылады.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн тәртібінде екі ел арасындағы сауда-экономика, инвестиция, транспорт және коммуникация салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Мирзияев пен Ыдырысов сонымен қатар халықаралық және аймақтық проблемаларды да талқылаған.

Ыдырысов Ташкентке 22 желтоқсанда барған. Мұнда ол Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен де кездескен.

Мирзияев 4 желтоқсанда Өзбекстан президенті болып сайланған. Бұған дейін ұзақ уақыт Өзбекстан премьер-министрі болған Мирзияев күзде президент Ислам Каримов қайтыс болған соң оның міндетін уақытша атқарған.

XS
SM
MD
LG