Accessibility links

Ливия ұшағындағы жолаушылар босатылды


Afriqiyah Airways әуе компаниясының ұшағынан шығып жатқан адамдар. Мальта, 23 желтоқсан 2016 жыл.

Ливияның Afriqiyah Airways әуе компаниясының қарулы екі адам басып алған A320 ұшағындағы жолаушылар босатылды. Мальта әуежайына қонған ұшақтан 111 жолаушы шыққан, экипаждың жеті мүшесі іште қалған.

Ұшақты басып алғандар "лайнерді жарып жібереміз" деп доқ көрсеткен. Мальта билігі қарулы адамдардың ұшақты басып алғанын растады, бірақ олардың нені талап еткендерін айтпады.

Ұшақ тұрған әуежай жабық. Барлық рейстер Сицилия аралындағы әуежайға қонып жатыр.

Бүгін Ливияның Сабх қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да ұшып шыққан 8U209 рейсі Триполиге 11:20-да қонуы керек болған. Бірақ ұшақ Мальтаға бұрылып кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG