Accessibility links

Ливия ұшағын кепілге алғандар полицияға берілді


Afriqiyah Airways әуе компаниясының қарулы екі адам басып алған ұшағы. Мальта, 23 желтоқсан 2016 жыл.
Afriqiyah Airways әуе компаниясының қарулы екі адам басып алған ұшағы. Мальта, 23 желтоқсан 2016 жыл.

Ливия ұшағын 100-ден астам жолаушысымен бірге Мальтаға алып кеткен қарулы екі адам полицияға берілді.

Олар "Ливияның биліктен тайдырылған бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиге жақтас" екендерін айтып, Мальта билігінен саяси баспана сұраған. Полиция оларды тінтіп, тұтқындаған.

Ливияның Afriqiyah Airways әуе компаниясының қарулы екі адам басып алған A320 ұшағындағы жолаушылар бірер сағат бұрын босатылған. Мальта әуежайына қонған ұшақтан 100-дей жолаушы шыққан, экипаждың жеті мүшесі іште қалған.

Ұшақты басып алған адамдар "лайнерді жарып жібереміз" деп доқ көрсеткен. Ұшақ тұрған Мальта әуежай жабық. Барлық рейстер Сицилия аралындағы әуежайға қонып жатыр.

Бүгін Ливияның Сабх қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да ұшып шыққан 8U209 рейсі Триполиге 11:20-да қонуы керек болған. Бірақ ұшақ Мальтаға бұрылып кеткен.

XS
SM
MD
LG