Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильге талап қойды


Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарда Израильден "Шығыс Иерусалим мен оккупацияланған палестиналық жер аумағында еврей қоныстары құрылысын салуды толық және дереу тоқтатуды" талап еткен.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 15 мүшесінің 14-і қарарды қолдап дауыс берді, АҚШ қалыс қалды.

Қарарды дауысқа салар алдында батыс елдерінің ресми адамдары америкалық кейбір саясаткерлер құжатқа вето қоюды ұсынғанымен АҚШ ондай қадамға бармайды деп айтқан.

Қарар бейсенбінің кешінде қаралуы тиіс еді. Алайда АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың және Израильдің қысымынан соң Египет өзі ұсынған құжат жобасын кері қайтып алған еді. Бұдан соң Жаңа Зеландия, Малайзия, Сенегал және Венесуэла қарар жобасын БҰҰ ҚК қарауына қайта ұсынған.

XS
SM
MD
LG