Accessibility links

Обама зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі туралы заңға қол қойды


Солтүстік Кореяның баллистикалық "Мусудан" зымыранын ұшырған сәті. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Кореяның баллистикалық "Мусудан" зымыранын ұшырған сәті. (Көрнекі сурет.)

АҚШ президенті Барак Обама жұма күні ғарыштық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін әзірлеуге қаржы бөлуді көздейтін заң жобасына қол қойды.

2017 жылы қорғаныс саласына бөлінетін шығыс қаржы туралы заңға зымыранға қарсы ауқымды қорғаныс жүйесін зерттеулер мен сынақтарды бастауға мүмкіндік беретін екі ереже қосылады. Олардың бірінде жаңа жүйенің мақсаты – Солтүстік Корея немесе Иран тәрізді мемлекеттер тарапынан болуы ықтимал шекті шабуылдардан қорғану екені айқындалған. Екіншісінде "ғарышта орналасқан зымыранға қарсы жүйелерді зерттеу, дамыту, сынақтан өткізу және бағалауды" бастауға нұсқау берілген.

Бұл ережелер АҚШ-тың кішірігім және ауқымды зымыран шабуылдарынан қорғану үшін жаңа технологияларды пайдалануға әзір екенін білдіреді деп жазады The Los Angeles Times басылымы.

Әуелгі кезде аталған ережелерді сынаған президент Обама заң жобасына вето қою құқығын пайдаланбаған.

Бұл ережелерді сынаушылар зымыранға қарсы тиімді қорғаныс жүйесін жасау техникалық тұрғыдан мүмкін емес, ол бағыттағы талпыныстар жанталаса қарулануға алып келуі мүмкін деп мәлімдейді. Зымыранға қарсы қорғанысы жүйесін жақтаушылар (арасында Конгресс мүшелерінің көбі бар) болса, АҚШ қатары бұрынғыдан көбейе түскен ядролық қару мен зымырын технилогияларына ие мемлекеттер тарапынан шабуыл бола қалған жағдайда қорғануға әзір болуы керек деген уәж айтады.

XS
SM
MD
LG