Accessibility links

АҚШ федералдық тергеу бюросы теракт қаупі туралы ескертті


АҚШ Конгресі алдындағы жаңа жылдық шырша. (Көрнекі сурет.)
АҚШ Конгресі алдындағы жаңа жылдық шырша. (Көрнекі сурет.)

АҚШ федералдық тергеу бюросы (FBI) ел аумағында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы террорлық шабуылдар жасауы мүмкін деп ескертті.

Арнайы қызмет рождество мерекесі кезінде АҚШ-тағы шіркеулерге шабуыл жасауға дайындық жасалып жатқаны туралы ақпарат алған. Құжатта терроршылар тарабынан нақты қандай қауіп-қатер төніп тұрғаны айтылмаған. Федералдық тергеу бюросы АҚШ азаматтарын қырағылық танытуға шақырып, террорлық қауіп деңгейі жоғары деп бағаланып отырған Иордания мен Египетке сапардан тартына тұруды ескерткен.

Желтоқсанның 19-ы күні Берлинде жаңа жыл базарына жасалған шабуылдан кейін АҚШ-тың Нью-Йорк, Чикаго және Сан-Франциско қалаларында билік қауіпсіздік шараларын күшейткен. Берлиндегі 12 адамның өмірін қиып, 50 адам зардап шеккен шабуылдың жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG