Accessibility links

Жан-Клод Юнкер Еуропаға келетін босқындар жолын жаппауға шақырды


Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер.
Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер.

Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Берлинде жаңа жыл жәрмеңкесінде жасалған теракті босқындардың Еуропаға жолын жаппауы тиіс деп мәлімдеген. Westdeutsche Allgemeine Zeitung басылымына сұхбатында ол «барлық босқынды терроршыға балап күдіктену - дұрыс емес» деп айтқан.

Юнкердің сөзінше, Еуропа Одағы жанжал оты шыққан аймақтан немесе терроршылықтан қашқан барлық адамға баспана беруі тиіс. Еурокомиссия жетекшісі Еуропа Одағының ішкі қауіпсіздігін нығайту үшін одаққа мүше елдер бірлестік ішіндегі ынтымақтастықты күшейткені ләзім деп санайды. Ол ақпарат алмасу мен терроршыларды қаржыландыруға қарсы күресті жақсарту қажеттігін айтқан.

Желтоқсанның 19-ы күні Берлинде жүк көлігі жаңа жылдық жәрмеңкеде жүрген адамдарды басып өткен. Теракт салдарынан 12 адам қаза тауып, 50 адам зардап шеккен. Көлікті басқарған адам - Тунистен шыққан босқын деген болжам айтылды. Желтоқсанның 23-і күні күдіктінің Италияның Милан қаласында полициямен атыста оққа ұшқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG