Accessibility links

Францияда 2016 жылы 17 терактінің алдын алған


Париж орталығында тұрған қарулы патруль. 30 желтоқсан 2015 жыл.

Француз құқық қорғау органдары 2016 жылы ел аумағында 17 терактінің алдын алғаны туралы мәлімдеді Франция ішкі істер министрі Брюно Ле Ру.

2015 жылы Парижде бірнеше террорлық шабуыл жасалғаннан кейін Франция билігі төтенше жағдай енгізіп, кейін оның мерзімін бес рет ұзартқан. Ерекше тәртіп жағдайында қауіпсіздік қызметіне сот шешімінсіз тінту жүргізіп, тұтқындауға, жаппай акцияларға тыйым салуға және қоғамдық орындарды жабуға өкілеттілік беріледі. Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде қатаң шекаралық бақылау орнатылады.

Ішкі істер министрінің сөзінше, Берлинде желтоқсанның 19-ы күні жаңа жылдық жәрмеңке кезінде жасалған терактіден кейін Францияның Германия, Люксембург және Швейцариямен шекарасында бақылау күшейтілген.

Осыған қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Берлиндегі шабуылға негізгі күдікті тунистік Анис Амри Италияға Германиядан Франция территориясы арқылы өтіп барған. Франция ішкі істер министрі тергеу әлі аяқталмағанын айтып, бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG