Ресейдің Архангельск қаласында бүгін совет диктаторы Иосиф Сталиннің ескерткіші ашылды. Салтанатты рәсімге ондаған адам қатысқан.
Сталин ескерткіші қаладағы бизнес орталықтарының бірінің автокөлік тұрағына қазан айында орнатылған. Коммунистер ескерткішті басқа жерге көшіргісі келген, бірақ қала билігі келісім бермеген. Сондықтан ескерткіш жеке меншік нысан аумағына қойылған.