Accessibility links

Семей маңында үш жолаушы пойызы бөгелген


Темір жолдағы жүк вагоны. (Көрнекі сурет.)
Темір жолдағы жүк вагоны. (Көрнекі сурет.)

Бүгін таңертең Дегелең-Семей темір жол бөлігінде жүк пойызы вагоны темір жолдан шығып кетіп, салдарынан бірнеше үш жолаушы пойызы бөгелген деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сенбі күні сағат 12.20 шамасында 3498-жүк пойызындағы «Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі вагон темір жолдан шығып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, вагонның жолдан шығып кетуіне оның бүйіріндегі тіреуішінің сынуы себеп болған. «Оқиғадан ешкім зардап шекпеген» деп хабарлады компания баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға болған темір жол бөлігінде қозғалыс тоқтатылып, «Лениногор - Астана», «Алматы - Павлодар» және «Павлодар - Алматы-1» бағыты бойынша жүретін үш жолаушы пойызы бөгелген.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының арнайы комиссиясы апаттың мән-жайын тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG