Accessibility links

Израиль БҰҰ-мен қатынасын қайта қарамақ


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль өзінен палестин территориясында еврей қоныстарын салуды доғаруды талап еткен қарар қабылдаған БҰҰ-мен қатынасын қайта қарамақ ниетте. Бұл туралы сенбі күні мәлімдеген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху БҰҰ-ның Израильге "қастық пиғылдағы" бес құрылымының бюджетіне жарна төлеуді доғаруды бұйырғанын айтқан. Ол қандай құрылымдар екенін Нетаньяху нақтыламаған.

Израиль үкімет жетекшісі сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қарарды дауысқа қойған кезде қалыс қалғаны үшін АҚШ-ты сынаған. Бұған дейін АҚШ Израильге халықаралық дипломатиялық қысым жасау мақсатымен ұсынылған құжаттарға қарсылық білдіріп, вето қойып келген.

Желтоқсанның 23-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильден палестин жеріне еврей қоныстарын салуды толық және дереу доғаруды талап еткен қарар қабылдаған. Құжатты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесі қолдап дауыс берген, АҚШ қалыс қалған.

БҰҰ 1979 жылдан бері алғаш рет еврей қоныстары мәселесі бойынша қарар қабылдап отыр.

XS
SM
MD
LG