Accessibility links

Түркияда биыл әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 1600 адам қамалған


Интернет қарап отырған қолданушы. (Көрнекі сурет.)
Интернет қарап отырған қолданушы. (Көрнекі сурет.)

Түркияда 2016 жылдың жазынан бері 1656 адам әлеуметтік желідегі жазбаларында "террорлық топтарды қолдағаны" және билік партиясын сынап, "қорлағаны" үшін қамауға алынған деп хабарлайды Associated Press агенттігі Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметі бойынша, әлгіндей күдікке іліккен кемінде 10 адамға қатысты тексеру жүріп жатыр, 1203 адамнан айыпты алып тастаған.

Түркия билігі бұл адамдарға өшпенділік қоздырған, терроршыларға қолдау танытқан және сондай топтардың үгіт-насихатын таратқан, шенеуніктерді қорлаған, мемлекеттің тұтастығы мен түрік азаматтарының жеке қауіпсіздігіне қол сұғуға әрекеттенген деген айыптар таққан.

Түркияда биыл шілде айында әскери бүлік шығарып, билікті басып алмақшы болғандардың әрекеті іске аспай қалған соң елде жаппай тұтқындаулар басталған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүлікті ұйымдастырған деп 1999 жылда бері АҚШ-та тұрып жатқан дін қайраткері Фетхулла Гүлен мен оның "Хизмет" ұйымын айыптаған. Гүлен өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Жаздағы бүлікке болысқан деген күдікпен түрік билігі кемінде 60 адамды: әскерилер, оқытушылар, журналистер, дін қызметкерлері мен азаматтық белсенділерді тұтқындаған.

Түркияда Twitter, Facebook тәрізді танымал әлеуметтік желілер жиі ашылмай қалады. Мұндай жағдайлар әсіресе елде төтенше оқиғалар кезінде жиі қайталанады.

XS
SM
MD
LG