Accessibility links

Трамп: БҰҰ-ның Израиль жайлы қарары бейбіт келісімді қиындатады


Иерусалимнің ескі шаһарындағы базарда сатылатын жейделерге АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен қызмет өкілеті соңына тақаған президент Барак Обаманың бейнелері салынған. (Көрнекі сурет.)
Иерусалимнің ескі шаһарындағы базарда сатылатын жейделерге АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен қызмет өкілеті соңына тақаған президент Барак Обаманың бейнелері салынған. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп БҰҰ-ның Израильден палестин жеріне еврей қоныстарын салуды дереу және толық тоқтатуды талап еткен қарары бейбітшілік келісімін "аса қиындатып" жібереді деп мәлімдеген.

Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына Трамп өз әкімшілігі [бейбітшілік келісіміне] "қалай болғанда да қол жеткізеді" деп жазған.

Трамптың бұл мәлімдемесі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху желтоқсанның 23-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қарарды дауысқа қойған кезде әдетте Израильге қарсы кез-келген құжатқа вето қою құқығын пайдаланып келген АҚШ-тың бұл жолы ұстанымын өзгертіп, қалыс қалғаны үшін қазіргі президент Барак Обама әкімшілігін сынаған кезге дөп келді.

БҰҰ қарарын "сандырақ" деп атаған Нетаньяху елдің сыртқы істер министрлігіне "Израильдің БҰҰ құрылымдарымен іс-әрекетін, соның ішінде Израильдің БҰҰ мекемелерін қаржыландыруы және Израиль жерінде БҰҰ өкілдерінің болуы тәрізді мәселелерді бір ай мерзім ішінде қайта қарау" туралы тапсырма бергенін айтқан.

XS
SM
MD
LG